Адам қарады: 310 | Жарияланды: 2020-03-27 04:45:45

Мұса

Уақыт түске тайап қалған кез. Досыма жолығуға келіп едім, бөтен университеттің асханасында отырғаныма жарты сағат болды. Қыркуйек айының ыстық кезі, күн саулесі жеңіл, ақ перделерден өтіп, асхана ішін ерекше сары түске бояп тұр. Үлкен асханада, узіліс уақыты болмасада адам едәуір көп. Кең залдың келесі бұрышында әдемі қыздар отыр, көзім жарты сағат шыны керек соларды аңдуда. Іштері пысып отырғандай, бір бірімен анда санда сөз қатады, қалған уақытта әр қайсысы өз шаруасымен. Жақындап танысуга журекте батыл табылсайшы осындай кезде, қайдам?! Асханаға екі жігіт кірді, келіп сол әдемі қыздардын столына жайғасты. Жігіттердің көңіл күйлері көтерінкі, сол әсер етті ма? Әйтеур қыздарда жадырай кетті. Екі жігіттің бірі маған таныс сияқты. Қайдан көрдім деген сұрақ миыма қона кетті. Отыра сала ол жігіт қызу әнгімеге көшті, қолдарын тынымсыз қимылдадып бір нәрсе айтып жатыр, бетінен озіне жарасымды күлкісі кетпейді, уш сұлу қыз көз алмай соған қарап қалган. Кайткенде уш қыздың біреуіде ол жігітпен сезім шатастырмаған сияқты, өйткені жігіт мұсылманша тақия, ақ жиденің сыртынан жеңіл жалет киген, оқымысты мұсылман, дінге берілген адам деп ой түйдім. Ондайлар жеңіл желпі жүрістен аулақ жүреді көбіне. Қайтседе, сол жігітті бір жерде көргенмін, әсіресе жымиғаны тым таныс. Кенет бір сәтте есіме тусті, мумкін емес, дәл өзі болғаны ма?!

    Бұл оқиға 2001 жылдың жаз мезгілінде болған. Мен 7 -ші сыныпты бітірдім. Жазғы демалысты ауылға немесе балалар лагерінде өткізем бе десем, анам жоспарды бұзды. Ол кісі Алматының атақты барахолкасында сауда жасайтын. Өсіп ер жеттің енді маған көмек бересің деп қасына алды. Жанымның қалай қиналғанын білсеңдер ғой. Ауылда әже мен атаға еркелеп, білгеніңді істеп жүрудің орнына, аптасына алты рет таң ата тұрып жұмыс істеу, жасөспірім бала ушін тым ауыр. Бірақ амалым болмады. Базардағы алғашқы күндер баяу, еш қызықсыз өтті. Тірліктің көбісін анам өзі істейді, мен тек ауызым ашылып айналаға қарап отырумен болдым. Бір аптадан кейін, ұялдым ба әлде отырудан жалықтым ба, саудаға араласа бастадым. Заттардың бағасын жаттап, келген клиенттердіде жібере бастадым. Сауда жақсы болған күндері анам қолыма кішігірім ақша ұстататын болды. Алғаш тапқан ақшам деп оған мен мәз. Бірақ бұл шаруадан басқа қызық таба алмадым өзіме.

 Бір күні, анам орында жоқта, 2 мен қатарлы балалар тоқтап тауар қарай бастады. Мен оларды бұрын көрген едім, ары бері екеу ушеу болып өтетін. Олар атақты футболистер белгіленген қалың дәптерлерді қарап жатқан, көрші саудагер, шатақтау тәте болтын, дауыстап айтты

  •  алмасаңдар барыңдар әрі, құр тұрмаңдар мұнда!
  •  сенің тауарың емес қой, несін шулайсың? – кекетіп күлді
  •  кімдікі болсада, тайыңдар бұл жерден. Ей Азамат несін қарап тұрсың? Айт мыналарға

Мен сасып қалдым, үлкен кісімен еркін сөйлесіп, сен деп, еш қорықпай тұрған мыналар маған қызық көрінді. Тәтеде шулап кетті. Не айтарымды білмей

  • Алмасандар, кетіңдер – дедім даусым сәл дөрекілеу
  • Кетсек кетейік – екеуіде күлді – қуғанды жақсы көреді екенсін інішек
  • Құтыра бермей кетіңдер – деп тәте тағы айқалады

Екеуі ыржалақтап жөндеріне кетті. Бұндай тәртіпсіздікті көрмеген мен аң таң тұрып қалдым.

  • Бұлар ұрылар. Өйстіп жүреді қатар қатар аралап, біреудің затын көздеп – деді тәте.

Мен жауап бермедім, улкен кісі, біледі ғой деп ой туйдім. Келесі күні, базардағы әжетханаға бардым. Әжетханаға бұрыла бергенімде, кешегі екі ұры балалардың бірін көрдім, олда мені байқады. Мен бетімді алып, жылдам ішке кіріп кеттім. 10 минуттай әжетханада отырып, асықпай шықтым. Кешегі бала мені кутіп тұрғанына сенімді едім және қателеспеппін. Улкен қатарға шығар алдында, екі бала боп алдымнан шықты. Кешегі бала тура сол, ыржалақтап тұр, қасындагысын алғаш көруім.

  • Қалай қуғыншы? Жур саған әнгіме бар.
  • Қандай әнгіме? – деп артқа қарай шегіндім. Ыржалақ жылдам қасыма келіп, ажептеур менен бойы ұзын екен, йығыма қолын қойып
  • Қашпа, жәй атаман сенімен сөйлескісі кеп тұр, Мына жерде, алыс емес

Ыржалақтың дауысы жылы шыға бастады. Амал жоғвн түсініп, арттарынан ердім. Улкен қатарға шығып, оңға бұрылдық, көп журмей сол жақтағы қуысқа кірдік. Кіре сала,  ертіп келген екеуі мені алға шыгарды. Қуыс тым тары екен, алга карай жүрдік, контейнер біте сала, ашық аулаға келдік. Аулада бір топ бала отыр, көбісі мен қатарлы.

  • Міне келді – деді ыржалақ

Мен тіпті естен кеттім, оңай алданғаныма ішім күйді. Жабылып ұрса біткенім гой деп, ауылда улкен ағаларым айтатын кеңестері есіме тусті. Жаулардың арасында қалсаң, немесе төбелес алдында болса, саспа әрдайым қайсарлығыңды және соңына дейн күресетінінді көрсет дейтін. Сол әдіске бастым. Бір топ баланың ешқайсысы тіл жарып сойлемеседе, өз өзіммен жұлқынып, екі білегімді кезек кезек қайырып кеп

  • Кел, жекпе жек, қайсың болсада шығамын – деп ызарлы жан жағыма қарадым. Балалардың кейбірі түсінбей қалган, кейбірі тырқылдап күле бастады. Ақыры барлығыда күле бастайды.
  • Кел қане, соңына дейн төбелесемін – деп мен коймаймын.
  • Болды, шуламаңдар – деп дауыс шыкты, топырлаған балалар арасынан бойы ұзын, дене бітімі шымыр, екі көзі оттай жанып тұрған, жүзінде жымиған күлкісі бар бала шықты, менен 12 жас улкен сияқты көрінді. Қолындағы темекісін бір тартынып
  • Батыл екенсің, сендік саған. Тали осы жігіт па сендерді қуған?
  • Ия дәл өзі – деді ыржалақ, аты тусінгенім бойынша Тали болғаны
  • Есімің кім? – жузі қатуланып кетті, көкірегін барынша көтеріп тіке көзіме қарап тұр
  • Азамат – деп, менде барынша қатулы айтуға тырыстым, не болсада улкен ағаларымның әдісінен таймау керек деп
  • Сауда жасайсын, адамдар келіп зат алады, мына екі жігітті неге қуасын? Адамға санамағаның ба?

Орынды қойылған сұрақтарға жауап таба алмадым.

  • Мен…  мен.. Егер алмайтын болса..

Сөздерді әрең тілімнен шығарып тұрдым. Атаман жағдайымды түсіндіма, әйтеуір жымиа кетті.

  • Менің есімім Мұса – деп қолын созды.
  • Азамат – деп қайтала айтып, қолын қыстым.
  • Қасыңдағы тәте бұларды ұры деген шығар? Ол кісі қателеседі біз ұры емеспіз. Жай табылған жұмысты істейміз.
  • Солай болу керек – деппін не айтарымды білмей. Мұса айналасындарға
  • Болд жігіттер, жұмыс істеңдер – деп қолын бір неше рет қағып жіберді. Балардың біртіндеп ауладан кете бастады. Тек кешегі мен қуған екі балам мен бір неше бала қалды.
  • Осылай жібере саласын ба? – деп сұрады Тали
  • Енді не істейміз? Болмайтын нәрсе үшін ұрамыз ба? Айттым емеспа? Ұрлық жасасақ, бұл базарда жүре алмаймыз деп.
  • Қайткендеде дұрыс сойлемеді, сөзіне жауап беру керек
  • Жек пе жекке шық дейді, батыл қадам, ренжіп тұрсаң шық жекпе жекке – деді Мұса
  • Балалар, мен , жігіттер, ауыр сөз айтсам айып етпендер, білмедім – деп әнгімеге кірістім. Әкем айтушы еді айыбың бар жерде, кешірім сұрау күнә емес деп

Мұса маған қарадыда, кейн Талиге қарады “ бұған не дейсің? “ дегендей

  • Жарайд, біз кеттік – деп Тали жігіттерімен тарап кетті.

Мұса екеуміз оларды ундемей көзбен шығарып салдық.

  • Біле білсең, деп бастады Мұса, темекіні тартынып – арамызда жаман жігіт жоқ, бір бірімізге бауырдаймыз. Барлығы менің балаларым, мен оларға жауаптымын.

Оның кішкентай балаларды жігіт деп айтқанына құлағым уйрене алмады, кімдер бұлар, не істеп жүрген жандар?

  • Жақын маңайда тұрасыңдар ма?
  • Ия алыс емес, біз жетімдер уйненбіз, базарда ақша істеуге жақсы. Ал сен өзіңше?
  • Мен…, анама саудамен көмектесемін
  • Жаман емес – ол ойланып кетті, даусында мұң сезілді. Бір сәтте ойдан шығып жадырай кетті.
  • Жарайды, мен базар айналайын, отыра берсең ақша келмейді. Ішің пысса, кел, базарда қызық көп
  • Көреміз – дедім.

Ол бұрылып ауладан кері қарай кететін қуыстан жоқ болды. Ал мен сауда орныма кеттім. Арада бірнеше күн өтті, сауда онша болмады. Көбінесе құр отыратын болдық. Анамнан сұранып базар аралап кеттім. Білмеймін неге? Бірақ шыға сала, тура, алдындағы аулаға беттедім. Улкен қатардан кіші қуысқа өттім, контейнерлер арасында қалып қалған аулаға келгенде, бірнеше бала үңіліп бір нәрсе қарап жатты. Мені байқап жинала қалды бәрі. Арасында Мұсада бар. Ол мені көргеніне қуангандай болды. Жымиып

  • Саспандар, бұл өзіміздің жігіт.
  • Кедергі болдым ба?
  • Жоқ, кел.

Мен барлығымен амандасып шықтым. Олар жиналып ақша бөлісіп жатыр екен.

  • Мынаған тамақ ал бәріне, мынау ортақ қалтаға, мынаны улкендерге бер. Түсіндің ғой? – деді Мұса қалған 3 балаға қарап
  • Ия, түсіндім.
  • Екеуің жанынан қалмаңдар, кейн маған келіңдер
  • Жарайды – деп балалар тұрып қуысқа беттеді
  • Мура улкендер мені сұраса, айт келе алмады деп

Мура деген, бөлінген ақшалар сеніп тапсырылған бала, басын изедіде ауладан шығып кетті. Бұл тірлік кинодағындай көрінді маған, мен қатарлы балалар ал журістері кинодағы бандиттердікіндей.

  • Қалың қалай? Сен екінші рет жоламайды деп ойласам
  • Жоқ, ондай ешнәрсе болмады ғой – дедім
  • Ия, болмады. Бирақ Тали сені кешіре қойған жоқ алі.
  • Кешірмеседе не істеп алады?
  • Оны тек өзі біледі. Қалай? отыра отыра ішің пысты ма?
  •  Ия біраз пысты, базарда адам аз, сауда жоқ.
  • Жүр қатар аралайық.

Мен соңынан ердім. Кейн білгендей Мұса менімен туйедей құрдас екен. Бірақ бет келбетімен әлде қайда улкен көрінеді. Жүрісі тым еркін, және жылдам. Қатар аралап біраз адаммен амандасып өтіп жатыр, осы базардың иесіндей өзі. Анда санда бұрылып маған, әнгімесін айтады

  • Бұл кісілердің көбісімен жұмыс істейміз, тауар тасысамыз, артамыз, жайамыз, соған ақысын аламыз. Көбіне оптовый қатарда жүреміз, онда жұмыс көп.
  • Қызық екен – деп қойдым.
  • Таң ертең келеміз, кешке қайтамыз, ортақ касса бар, соған жинаймыз ақшаны.
  • Жетімдер уйінде іздемейді ма?
  • Кімге керек жетім бала? – деп куле қойды.

Осылай бір сағаттай жүрдік. Бұл балалар ушін базар екінші уйі сияқты, ал Мұсаның білмейтіні жоқ. Кім ұры, кім бандит, кім бай барін тәптіштеп айтады. Барлығы жазылмаған ережемен жүреді. Әр қайсысының бөліп алған шаруасы бар, бір бірлеріне тиіспейді.

  • Міне, ал сен базарда қызық жоқ дейсің – деп бітірді әнгімесін.
  • Бұның бәрі тым алыс екен менен – дедім, өзімді Мұсаның қасында кішкентай бала сезініп
  • Ия сенің өмірің тіпті басқа шығар – қайтып ойланып кетті ол. Мен мұңын тусінгендей қысылып кеттім
  • Жақсы, мен барайын, іздеп жатқан шығар – деп,  бағана ғана Мұсаның жетімді кім іздейді деген сөзі есіме түсіп абыржи кеттім, бірақ оған елең еткен ол жоқ
  • Аха, келіп тұр ішің пысса – деп көңілді айтты, сөзім ауыр тидіме деп бекер ойлаппын, жузі көңіліндей жадыраңқы.

Шілде айы еді. Біз кеңсе тауарларын сататын едік. Бұл тауардың сатылымы қайнаған кез алда. Кунделікті таң ертең анаммен тауар әкелеміз, кітап дәптерлер ауыр келеді. Зат көп болғанда Мұса келіп көмектесетін болды. Анам рахметі деп ақша ұстатпақ болғанда, ол қашып алмайтын. Кешке жақын сауда бәсеңдейді, сонда базар аралап Мұсаның жанында отырамын. Неге екені белгісіз, бірақ екеуміздің әнгімеміз таусылмайтын. Бірінші ол өз басынан өткенін айтады, әр бір оқиғасы шытырманға толы. Көбіне төбелескенін, қалай өз жігіттерін ұстайтынын айтатын. Қыздарменде кездеседі екен, 7 сыныпта ондайды білмейтін мен қызарамында бозарамын. Ол тиісе күледі, базардағы бізден жастары үлкендеу, сұлу қыздардың бәрін таниды, ертіп апарып менідң таныстыратын. Кейн менен сұрайды, мен сол мектебімді айтам. Ауладағы достарымды айтамын. Бірақ менің бастан кешкенім оныкінің қасында кішкентай баланың әнгімесі сияқты. Сондада ол жанұя жайлы көп сұрайтын, ағаларымды, ауылдағы ата әжем жайлы тыңдағанды ұнататын. Мен оның жалғыздыққа толы жан дүниесін сезетінмін. Аузымнан шыққан әр бір оқиғаны бар ынтасымен тыңдайтын, көздері мөлдіреп қызғанышқа толатын. Қаншама күн араласып журіп жүрегінің жұмсақ екенін байқадым, бірақ қалған балалар бұдан неге сонша қорқады, айтқанын екі етпей орындайды, таңқалатынмын. Алайда көп ұзамай ол сұрақтыңда жауабын білдім.

Әдетінше отыра шаршап, контейнерлер арасындағы аулаға беттедім. Тары қуыстан өте бере, ерекше дыбыстар естілді. Тонқ еткен соқылардың дауысы, және тоқтаусыз боқтық сөздер. Ақырын басып аулаға келдім. Ауланың шетінде контейнерге тақалып қас қатар 4 бала тұр, бәрі үңілген, көздері үрейге толы, кейбіреулерінің беттері қан. Ал ортада оларды сабап жатқан Мұса, қасында ыржалақтап Тали тұр, Мура дегеніде осында. Мұса ызалы, терең демалып тұр

  • Братан, енді олай істемейміз – деп жалынды таяқ жеп жатқан бір бала
  • Қанша рет айтам сендерге? – деп айқайлап, Мұса тагы соққылар жаудыра бастады, тым жылдам қимылмен төртеуінде ұрып улгеріп жатыр. Кенет Тали мені байқады
  • Еййй, кел тұр мыналардың қасына – деп күліп жіберді. Оны естіген барлығы маған қарай бұрылды. Мура қосыла күлді, Мұса жымидыда қойды
  • Мен кейін келемін – деп асыға бұрылып шығып кеттім. Сол күні өз өзіме келе алмадым. Соңғы 2 аптада Мұсаны жақсы танып қалғандай едім, біреуге жамандық жасайтын емес сияқты боп көрінген. Ал соңғы көрген көрініс көз алдымнан кетер емес, өзінен әлде қайда әлсіз балаларды топташтап ұрып жатыр. Әке шешем мейрімділікке баулайтын, әлсізді тек жауыз адам ұрады деуші еді. Сонда Мұса жауыз болғаны ғой. Мен енді онымен еш араласқым келмей кетті.

Жаздың ушінші айы басталған, сауда қызатын кез. Анам екеумізге көмекке әкем келді. Айдың аяғына шейн тер төгу керек дейді. Әкем ол кезде енді намаз оқып бастаған болатын, меніде уйретіп жүрген. Сондықтан кунделікті бесін намазға уақыт тауып базар артындағы мешітке баратынбыз. Сондай күндердің бірі еді. Намаз оқып бітіп, терезеге қарасам. Мұса тұр екен, көзі күлімдеп өзіде жымиып тұр. Әкем сауда орнына кетті, мен сылтау айтып қалып қалдым. Шет жақта тұрған  Мұсаға жақындадым.

  -  Қалың қалай қуғыншы? – көңілді амандасты

-    жақсы болады – узіп қысқа қайырдым

- жоғалдың ғой, досым қалай екен деп іздеп келгем, анаң мешітке кетті деді,

- ия, намаз оқығанбыз

- бағанағы ағай әкең ба?

- ия

- түсінікті – менің қатуланып тұрғанымды сезіп оныңда көңіл күйі түсе бастаған сияқты. Айналасына қарайлап, ары қарай не айтарын білмей абдырды. Мен шыдамадым

- Мұса, бір нәрсе сұрайын, алдын балаларды не үшін ұрдың? Ешқайсысы саған қарсы тұра алмайтын еді ғой- деп сұрадым

- бәсе, бұған  не болған? деп едім – қайтіп жымиды – оларға жаның ашымай ақ қойсын, олар заңды бұзды, айтқанымнан шықты, ал біздің ортаның заңы сондай, өз жігіттерін алдаған үшін таяқ жеді.

- сөзбенде жеткізуге болады ғой – дедім,  қандай заңды айтып жатқанын түсінбей

- сөзбен болмайды, адам тек күштің тілін түсінеді, оларға жай айтып қойсаң ертең тағыда құтырады. Ал қазір төртеуіде тырп етпей жүр. Білсең, олар содан бір күн бұрын өздерінен кішкентай 2 баланы сабаған. Тусінесің ба? Тек күшті түсінеді. – оның сөздері сенімді шығып жатты, өзінің дұрыстығына толықтай сенімді. Мен үндемей қалдым. Бұлардың өмірі басқа, бәлкім заңдары шынымен сондай шығар.

- бұндай жерге келмеуші едің ғой, саған не болған? – көңілді сұрады менен

- намаз оқимыз осында, әкем екеуміз.

- ол не намаз деген? Бір нәрсе айтасыңдарма?

Мазақ қылып тұрма деп оған мұқият қарадым. Бірақ жүзінде мазақтың ізіде жоқ.

- мешітке кіріп көрмегенсің ба?

- жооқ – басын қасылап – бірақ шіркеуде болғанмын, және атым Мұса, бір анау, қалай еді

- Мұса пайғанбар ма?

- ия сол, сол пайғамбар дедің ба? Соның атына қойылған

- ол атты қойган адам, сені Аллаға сенсін деп қойған шығар

- ол қызық оқиға, мені жетімдер уйне алып келгенде, есімім хатта жазулы болыпты, анам тастаған болу керек,. Аманат деп қойыпты. Ал сол кезде жетімдер уйнің бастығы жасы үлкен еврей апа болады, ол кісі қазір онша есімде жоқ. Сол кісі, хатта жазылған атымды қабылдамай, баласын тастап кеткен адам ат қоюға құқығы жоқ деп, есімімді Моесей деп қояды, айтулары бойынша өмірде адаспай, түзу жолды таба білсін деп, сол пайғамбар сөйткен екен ғой. Сөйтіп басында Моесей болып жүрдім. Кейн ол апа кеткеннен кейн, қазақтар еврейше атымды қабылдамай, Мұса деп атайды. Содан Мұса боп журмін. Түзу жолым қайда деп – соңғы сөздерінде қолдарын алдына созып, соқырдың кейпіне кіріп көрсетті

- табасың әлі жолыңды – күліп айттым – сен өзі мұсылмансың ба?

- ол  кім??— деді шын түсін бей

- шынымен білмейсің ба? Аллаға сенесің ба?

- ал ол кім? – тырқылдап күледі – не айтып кеттің?

- анау тұрған, мешіт, ол Алланың уйі, Алла әлем жаратушысы, Құдай бір сөзбен айтқанда – кулгеніне ашуланып әр сөзімді нық әрі созып айттым

- ее, құдай десейш, білмейм, сен айтпақшы ондай нәрселерден алыспын

- енді қазақсың ғой, онда сен мұсылман болып Аллаға сену керексің – дедім,  сол сәтте өзімді бір имам сезініп

- оны кім айтты? Мұсылман бол, болма бәрі бір емеспа? – райынан қайтар емес Мұса

- әкем айтады, мұсылман болсаң тузу жолмен жүресің, ісің оңды әрі дұрыс болады деп, түсінесің ба?

- мен онсызда, дұрыс жүрем ғой, ісім оңды, мен мұсылманмын ғой сонда

- мұсылман болғын келедіма? – дауысымды өзгертіп, қатуланып сұрадым

- ол үшін не істеу керек? – Мұсада абайлап сұрады

- ля иллихя ха ильля лях, Мухаммаду расул Аллях деу керексің

- қалай? Қалай? – деп ол күліп жіберді

- күлме, күлуге болмайды

- шын, болды күлмеймін – ал өзі жымыйған езуін әрең ұстап тұрды.

- жүр онда, мешіттегі аға бәрін айтып береді.

Мен оның жауабын күтпей, мешітке қарай жүріп кеттім, біраз жүріп артыма бұрұлдым, ол әлі сол орнында тұр.

- бармаймын мен ешқайда, қума е

- жүр, жүр кеттік – енді күлкі менің езуіме келді. Айбатты да Мұсамыз, екеуміздің танысқалы бері алғашқы рет алдымда кішкентай балдай көрінді. Осы сәтте өзіме өзім қатты қызық болдым, өте сенімді көрінген шығармын. Ол амалсыз артымнан ерді. Сол кезде алғаш мешіткеде кіріпті.

Мешіттің Имамы Ахмет аға, унсіз, бірақ зеңін қойып тыңдады менің тез айтылған түсініктемемді. Түсініктеме барысында ол бірде маған, бірде қызықтай Мұсаға қарап отырды, ал Мұса болса, тым састы, өзіне жат ортаға тусіп абдырап қалды, екі көзі алақтап жан жағына қараумен болды. Бәрін тыңдап болып, имам қағазға бір нәрсе жазды, кейін Мұсаға қарап

- ал Мұса, мұсылман болғың келема? – деп өте жылы сұрады. Мұса жалтақтап маған бір қарадыда

- болсам болайын – деді

- мына қағаздағыны оқып артымнан қайтала онда – деп имам оған қағазды ұсынды – ля илляху илья лях, мухаммаду расуль аллах

Мұса қағаздағы жазуды оқып, имамның артынан қайталады

- бұл, Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі, деп куә айтқаның.

- түсіндім – деп Мұса тез қайырды, бірақ оның ешнәрсені ұқпағаны көрініп тұрды.

- егер ынтаң болса, кундіз қалаған уақытыңда кел осында, мен саған дәріс беріп, көп нәрсені түсіндірем – деп тағы жылы жеткізді имам

Біз рахметімізді айтып тысқа шықтық. Сыртта Мұсаның көңіл күйі көтерілді және тоқтаусыз сұрақтарды жаудырды

- енді не істеуім керек? Мұсылман болдым, не істеймін?

- енді, жақсы адам болуың керек – деп не айтарымды білмей қалдым

- мен онсызда жақсы адаммын ғой – кулді

- білмеймін, намаз оқуың керек. Алланы әр дайым еске алып, мақтау айтуың керек

- ал ол есесіне не істейді?

- есесіне ол қалғаныңды береді

- қалағаныңды дейсің ба? – ол таңырқай қарады маған. Сөзімнен тая алмадым,

-ия қалағаныңды береді

Ол одан бері жадырай түсті. Бұл тал түсте орын алған оқиға ары қарай әсерлі дамиды деп ойламаппын. Тамыз айының аяғы жақындады. Бұрыңғыдай базарда серуендеу қазір тіпті жоқ. 10 күннің ішінде Мұсаны екі рет қана көрдім. Бірінші рет ол сауда орнына келді, бірақ жанталас шаруаны көріп амандастыда кетіп қалды. Ал екінші рет көргенімде, шынымен таң қалдым. Әкем екуміз жұма намазға келгенбіз мешітке. Кішкентай мешіт лық толды адамға. Сөйтіп отқанда көпшіліктің арасынан Мұса досымды байқадым, аузы ашылып имамға қарап қалған. Намаз біткеннен кейін сыртта  тостым, бірақ ол шықпады мешіттен. Мен асығыс кетіп қалдым. Сол күні кешке Мұсаны іздеп шықтым. Балалардың бірі оны базар соңындағы қатарларда көргенін айтты. Сонда қарай жақындап келе жатып, дөрекі сөздер ілінді құлағыма. Қатар қиылысына жетіп, оң жақа қарасам. 3 еңгезердей балалар Мұсаны қоршап алған. Үлкендері ау шамасы, біреуі Мұсаға тақалып сөйлеп тұр, қалған екеуі күлімсіреп қарап тұр. Бір кезде, тақалып сөйлеп тұрған жылдам соққы жасады, Мұса бұғып улгерді. Бірақ артынша оны аяқтан шалып құлатып алды. Екеу болып жабыла бастады оған, мен қарап тұра алмадым. Бұрыштан атып шықтымда» жабылмаңдар, жігітше төбелес қайда?» деп айқайлай жөнелдім. Үш жігіттің біреуі менің алдыма тұра қалды

  • Бұл күшік кім тағы?
  • Базардыкі емес ол – деп айтып үлгерді Мұса. Алдымнан шыққан бала мықты екен, мен қаншама соққы лақтырдым, бірақ тигізер емеспін. Ол тым жылдам қашып үлгеріп жатты. Андасанда мазақтап мені шапалқпен тартып жібереді, мен болсам одан бетер жынданамын. Бір кезде Мұсаны ұруды доғарды, еңкейіп бір нәрселерді айтты оған. Кейн асықпай жөндеріне кетті . Шаршағанннан ентігіп бір орында тұрып калғанмын
  • Мықты мекен? – деп сұрады менімен алысқан жігітттен
  • Өй, соқыр ма бір нәрсе ғой. Шетке ұра берема ?

Үшеуі тырқылдап қатар айналып көрінбей кетті.  Мұса басы салбырап әлі жерде отыр.

  • Бәрі жақсы ма? – деп сұрадым не айтрымды білмей. Ол үндемеді. Қасына жақындап бетіне үңілдім. Жүзінде ауыр күйініш көргендей болдым. Жүрегім сыздап кетті, Мұсаны бұндай эмоциалық жағдайда көремін деп ойламаппын. Әрине жетім болған оңай емес, сондада Мұса өміріне риза боп көрінетін маған, үнемі езуінде күлкі, жайдары көңіл. Жігіттердің арасында атаман, өз ортасы жайлы бәрін біледі, және сондай ынтамен сипаттап айтып беретін маған. Оны мен қысқа уақыт танысамда, досым деп білетінмін, сол сәтте, куйінішке толы көзін көргенде, мен оның өз ортасында жүргісі келмейтінін сездім, басқа өмірді аңсайтынын сездім. Сырттай жайдыры болғанмен, ішінде өмірге налы барын аңғардым. Менің жүзімнен аяушылық көрдіме, айтеуір тез өзгере шықты. Орнынан тұрып
  • Үлкендер ғой – үстін қағып, кеттік дегендей ишара білдіріп  Көмекке келгенің мықты , бірақ керек емес еді, олар тентектер. Саған тиіспегеніне шүкір
  • Қарап тұра алмадым
  • Сенің алдыңда тұрған боксер жігіт, ішіндегі жарағаны сол. Мені бірінші ұрған жігіт бар ғой , сол басшылары, жүрген бір сұрқия, кір тірліктері көп. Анау қасында жабылып тұрғаны сорлы жүрген. Бір рет жалғыз өзін ұстап алғанмын – езуінде кулкісі пайда болды Мұсаның, сол баяғы өзіне жарасымды күлкісі    жағынан тартып жібергем сол кезде. Дым істей алмай қалған. Ал қазір тұр өзінше боп
  • Сол үшін ба сені ұрған?
  • Жоқ, ақшаны аз жинайсыңдар дейді да сол баяғы. Құрып кетсінші олар ары. Өзің қалайсың? Сабақ басталды ғой , базарда әлі жүрсің ба?
  • Ия көмектесу керек қой.

Біз үнсіз тұрып қалдық. Мұсаның бойында бір өзгеріс бар, әлде бағанағы аянышты халінен қысылып тұр ма?

  • Базар аралайсың ба енді?
  • Жоқ, мен мешітке барамын. Жүр уақытың барма?
  • Мешіттен қалмай жүрсің ба? – таңдана сұрадым
  • Ия, сен емеспа Аллаға шын сенсең, қалағаныңды береді деп айтқан

Мен кібіртіп қалдым, қалжыңы ма шыны ма түсінбей.

  • Қалжыңдаймын, ол жадырап күле кетті. – Ахмет ұстаздан тәлім алып жүрмін, ол кісінің сабақтары ұнайды маған

Неткен зерек десеңші Мұсаны, осыдан бір ай бұрын ислам жайлы түк білмейтін, қәзір тоқтамай ағыла кетті ақпарттар. Тура сол алғаш көріскен кундегідей, барынша қызығушылықпен, ынтамен айтып келеді, базар жайлы емес, ислам жайлы. Сондағысы бір неше апта өтті. Біз мешітке қарай беттедік. Жанымда енді мүлдем басқа Мұса кетіп бара жатқандай болды.

Оқу жылы басталды, өзімнің уйренген ортама, күнделікті тіршілігіме көштім. Сыныптастарым әр қайсысы жазда не істегендерің айтып әлек. Мен не айтамын, мен жұмыс істедім. Бар болғаны сол. Сонда да базардың тіршілігі тіпті ерекше, біраз уақыт ойымнан кетпей жүрді. Бір неше ай өтті. Қазан айының соңы болар. Кешкі ас ішіп отырып анам хабар жеткізді

  • Азамат сені досың іздеп келді бүгін.
  • Қайсы? – деппін сасқанымнан, бірақ әрине бірден ойыма Мұса келді
  • Әлгі бала, есіңде ме? Бізге тауар тасуға көмектесетін , есімі бір қызық еді – анам есіне түсіре алмай әлек
  • Мұса ғой аты – деп қуанып кеттім
  • Ия сол бала. « Азамат бар ма?» деп сұрады. Мен жоқ дедім. « жақын күндері келеді ма?» деп сұрады, мен сені сабақта ғой» деп айттым. Бір нәрсеге қобалжып тұрғандай көрінді өзі. Ундемей қалды, қолында бір нәрсе болған. Ұсынуға батпай тұрдыма. « бір жағдай болып қалдыма ?» деп сұрап едім. Басын шайқап , қоштасып кетіп қалды.

Анам қысқа әнгімесін лезде айтып шықты, ал менің қуанышым жүрек жыртар уайымға айналды. Досымның соңғы кездескендегі, анау улкендер ұрған кездегі аянышты жүзі көз алдыма қайта келді. Келдіде кетпей қойды. Түнде әрең ұйықтадым. Түсімде әрине Мұсаны көрдім, әр қилы жағдай, біресе оны иттер талап жатыр ма, біресе жадырап базар қатарларын аралап жүрдіма, біресе намаз оқып отырма, біресе біздің ауылда жүр екен, менің ағайын бауырларыммен ойнап, кешкі улкен дастарханда тура қасымда отыр екен, бетінде шексіз бақыттың бейнесі. Түн ішінде мың оянғандай болдым, аз уақытқа оянып , тез қайта уйқыға батып отырдым, және ір ұйқыда әр түрлі түс, бірақ бірінде Мұса.

Сабақтаң соң, тығып жүрген ақшаларыма базарға жол тарттым. Уйдегілер бұл сапарымды естісе аямас еді. Базар біздің ықшамнан едәуір алыс. Базарға келіп анам тұратын қатарды айнала, әдетте жетім балалар жүретін қатарларға беттедім. Жолда екі баланы көрдім, асығыс кетіп барады екен, бірнәрсеге қатты алаңдаулы өздері. Амандасып едім елемей жүріп кетті. Қызық оқиғаның үстіне түскенімді бірден сездім. Сол баяғы контейнерлер арасында қалған бос алаңға карай асықтым. Қателеспеппін. Алаңда үлкен жиналыс өтіп жатқандай, балалар көп. Араларынан сытылып өтіп ортасына қарай әрең жеттім. Қанша қарасамда Мұсаны көрмедім, даусында естімедім. Ортада Талий тұр баяғы ыржалақ, бірақ бұл жолы тіпті қатайып алыпты. Қасында Мұсаның жанында жүретін жігіттер. Анау бір нірсе дауыстап айтып жатыр, жаңа ереже дейма? Басқаша жүреміз дейма? Мұса қайда кеткені сонда? Тіпті қобалжи бастадым. Кенет біреудің даусы шықты.

  • Мұса қайтіп келеді – деді
  • Ол келмейді енді мұнда – айқайлап кетті Талий – мені тыңдайсыңдар енді, улкендердің бұйрығы

Мен қасымда тұрған баладан жәй сұрадым

  • Сонда Мұса қайда?
  • Ол кетіп қалды, анасы іздеп келіпті жетімдер үйне. Алып кетеді оны – дедә анау
  • Қашан? Қашан болған? – деп жарылып кете жаздадым. Тілім бұрмаланып, қуаныш денеме симай баратқандай
  • Ол жаңа ғана кетті жетімдер үйне қарай

Мен ары қарай естімедім. Жетімдер уйне апарар жолмен жүгіріп кеттім. Тез жүгірдім. Көруім керек оны, қандай жағдайда екен білуім керек болды. Қалай екені белгісіз, бірақ осы кезде көрмесем, енді ешқашан оны кездестірмейтіндей сезім болды жүректе. Қатарлардан жылдам жүгіріп, базар алдындағы автотұраққа шықтым. Кеш жақындаған кез. Батып бара жатқан күн аспанды қызыл түске бояп жатыр. Адамдар көшеде аз. Менен 100 метр қашықтықта Мұсаны көрдім. Үш төртірет оған айқаладым. Даусымды естіген ол, дереу тоқтап бұрылды. Жүзінде сол мен көрген түсімдегідей шексіз бақыт қуанышы. Ол жадырап маған қарады. « Анам іздеп келді» деп айқалады маған. Ол аспанға саусағын көтерді. « Қош досым, Қош» . Бұрылып ары қарай жүгіріп кетті. Мен досым ушін қуанышты едім. Артынан ұзақ қарап тұрдым. Не болар екен алды? Жаңа өмірі қандай болады екен? Анасы не айтар екен? Бұл анасына не айтар екен? Бәрі маған қызық еді.

Сол сәтті қайта еске алып, мен қиялдап кетіппін. Қанша уақыттың өткенін білмеймін, қарасам университет асханасына досым кіріп келеді. Жүрісіде, өзіде ерекше көңілді. Жол жөнекей біреулермен амандасып та қояды.

  • Қалайсың Азамат?
  • Шүкір жақсы. Өзің қалай? Кәдімгідей жұлдызсың ғой универде, бәрімен амандасып
  • Енді 2 курс болдық қой
  • Мықты болсаң , анау столда отырғандарды танисын ба? – деп, бағанағы 3 сұлу қыз және екі жігіт отырған столды көрсеттім
  • Қайсы? Ее, олар ЖурФак студенттері, 2 курс оларда
  • Кеттік соларға барайық, таныстырасың
  • Е қой ей, жігіттермен отыр ғой. Анау тақия киген бәле , боксер ма сондай, таяқ жеп қаласың босқа
  • Қумашы , жәй танысамыз ғой, құрдас екен өздері бізге – күлгім келіп кетті әнгімесінен, түрінен қатты қиналғаны байқалады
  • ЖурФактің қыздары өзінше. Жұрттың бәрі ақымақ олар үшін. Бүздің факультеттің қыздарымен таныстырамын,
  • Жүрші кеттік. – мен орнымнан тұрдым – бол енді кеттік – әдейі дауыстап айттым, көрші столдағылар бізге қарай бастады
  • Бір қырсық адамсың ия, өзің барып қайта салшы
  • Сен ғой осы универде оқитын, жауап берсейші жергілікті адам ретінде. Жүрші  мен оны қолтығынан демеп тұрғызып алдым. Екеуміз кең асхананың ұзын қатарымен, шеткі столда отыған ЖурФак студенттеріне беттедік. Жүрегім енді қаттырақ соғайын деді. Екі көзім мұсылманша тақия киген балада. Тура Мұсаның өзі, анығырақ қарадым дәл өзі. Ең қызығы танидыма мені? Осы мәселе қатты алаңдата бастады ойымды. Жақындай түскенде олар бізді байқады. Стол басындағы бесеуіде назарларын бізге салды. Бір сәт тақия киген бала абдырып қалғандай болды, кейін өзіне жарасымды жимиды, жадырай түсті. Таныған болу керек.

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған