Адам қарады: 320 | Жарияланды: 2020-04-03 04:27:03

 Бақыт   іздеу

   Баяғы  заманда  отағасы  мен  бәйбішесі   өмір   сүрген.  Олардың    ер    жетіп   келе  жатқан  үш    ұлы  болыпты.  Бұл   отбасы  өте   кедей тұрыпты.  Жейтін  асқа  кейімге  жарымапты.  Отағасы  мен  бәйбішесі  үш ұлын  асыраймын  деп  қанша  еңбектенседе  кедейліктен  көз  ашпаты.

Балаларым  біз  бәйбіше  екеуміз  сендерді  үшеулерінді  асырауға  шамамыз  жетпейді.  Сендер  оданда  біз  жетпеген  бақытты  іздеп  тауып  келіндер дейді  отағасы.

   Үш ұлы  да  ата - анасының  айтқандай  бақыт іздеп  жолға   шығады.  Көп  жүреді.  Қарындары  да, ашады.  Дорбаларының  ішіндегі  қатқан  нанды шетінен  ғана  жейді.  Бұрындары  орман  болған  жерге  келеді.

   Сол  жерде  тек  бір  ғана  тал  жайқалып  өсіп  тұр.  Соның  қасына  демалып  отырады.  Кенеттен  талға  тіл  бітеді:

 – Қайырымды  жандар  маған  су  құйындар дейді.  Үш  ағайынды  өте  тəрбиелі  балалар.  Өзіміз ішеміз деп торсыққа   құйылған  суларын  талға  құйады.

Айналайын  балалар  сендер  қандай  тəрбиелісіңдер  маған  су құйдыңдар.  Сендерге алғысым  шексіз .  Балалар  сендер  білесіңдер  ме? Бұл  жерде   түрлі  жеміс - жейдек  өскен  орман  алқабы  болған.  Адамдар  сондай  мейірімсіз  осы жердегі түрлі жеміс жейдек талдарды кесіп  отап  тастады.  Жалғыз  тал   мен  қалдым.  Мен  бақытымын  тірі  жүргеніме  жолаушы  адамдарға  сая  боламын.  Сол  жақсылығымды  көп  адамдар  түсінбейді.  Денеме  түрлі -түрлі  қылып  пышақ  пен  ойып  жазып  кетеді.   Осы   жерде   өскен  жеміс  жейдектердің  дəндер қалып  қойды.  Үйлерінің  қасына  барып  отырғызындар  суарып  бағып  күтіндер    дейді де  жалғыз  тал  əртүрлі  жеміс  жейдек дəндерін   жеткенше  үлкен ұл мен ортаншы ұлға береді. Кенже  ұлға жетпей  қалады.  Оған  бола кенже  ұл ренжімейді.

   Екі ағайынды  жалғыз  талдан  жеміс  жейдек  дəндерін  алып  бақыттарын  іздеуге үшеуі əрі  қарай  жол  жүреді.  Жүріп  келе  жатса  үш  жолақты  жолды  көреді.  Бірінші  жол  қысқа  жол,   екінші  жол  орта  жол, үшінші  жол  ұзын  жол.  Бірінші  қысқа  жолды  үлкен  ұл  таңдайды.  Екінші  жолды  ортанғы  ұл  таңдайды.  Үшінші  жолды  кіші  ұл  таңдайды.

    Бірінші  қысқа  жолды  үлкен  ұл  тандаған.  Ол  көп  жүрмейді.  Аз  ғана  аяндап  келе  жатса  алдынан  əп əдемі   ақбөкенді  көреді.  Аңшының  қақпанына  түсіп  қалыпты.  Көздері  сондай  мөлдіреп  тұр. Екі  күн  осы  қақпанан  аяғын  ал алмапты.   Аяқтары  қанаған.  Үлкен  ұл  ақбөкенді  аяп  кетіп  оны  қақпанан  аяқтарын  босатып  алды:

  Мейрімді  бала  саған  көп  рақмет.  Сен  болмағанда  қақпанан  шыға   алмас  едім.  Мен  осы  адамдардың  осыншама  қатыгез  болғанына  таң  қаламын.  Өз  бетімізбен  ешкімге  тиіспей  тыныш  жүрген  жануарлармыз.  Қайта  бізді  адамдар  көбейтудің  орына  азайтып  жатыр.  Екі  күн  аяғым  қақпанда  қалғанда  аяғым  қақсап  ауырғанда  денсаулықтың  қадірін   біледі  екенсін, дейді  де  ақбөкен  бір  дəрлі  шөпті жейді.  Ақбөкенің  қанап  тұрған  аяғы  тез    жазылып  кетеді.  Өзі  жеген  шөптен  үлкен  ұлға  да  береді.  Үлкен  ұл  дәрі  шөпті  алып  бақыт  не  екенін  түсінгендей  үйіне  қайтады.

     Ортаншы ұл  орта жолмен  келе  жатады.  Бір  тобыр  жүктері  бар  саудагерлерді  көреді.  Олар  айдаладағы  құдықтың  қасына  тоқтайды.  Солардың  бірінде  торға  түсіп  қалған  алты  үйректің  балапаны  бар  екен.  Қаранғы  түсіп  саудагерлер  ұйықтайды.  Ортаншы  ұл  үйректің  балапандарын  аяп  кетеді  де қаранғы  түн  болғанын  күтіп  алты  үйректі  тордан  босатып  жібереді.

  –  Бізді  алты  ағайынды  үйректі  құтқарып  қалғанына  рақмет  айтамын.  Біздің  ата  үйрекпен  ана үйректі  аңшылар атып   алды.   Ата -анамыз  тірі  кезінде алтаумыз  бір - бірімізден  айрылмай  жүретінміз.

Ата  үйрек  пен  ана  үйрек   бізді  бағып  қағу   үшін  өздері  аш  болса  да  бізді  тамақтандырып  ұяны  жылы  ұстауға  тырысатын.  Ата-анамызды  аңшы  атып алғанда,  қалай  өмір  сүруді  білмей  алтаумыз  жан -жаққа  кетіп  қалдық.  Содан  саудагердің  торына  түскенде  бір- біріміздің  қадірімізді  білдік. Мынау ата үйрек пен анадан қалған екі сиқырлы  қап. Соны саған біреуін  береміз.  Бидай  сұрасан  бір  қап  бидай  береді    – деп  шиқылдап  алты  үйректің  балапаны.  Алты  үйрек   ортаншы  ұлға   құтқарған  үшін   бидай қапты   береді. Ортаншы  ұл  бақыт  деген  не  екенін түсінгендей  үйіне қайтады.

  Кенже  ұл  ұзақ  жүреді.  Алдынан   өзен  ағып  жатады.  Өзенге  адамдар  қоқыстарды  тастаған   балықтар  сыртқа  шығып  жатыр.  Бұны  кіші ұл  көргенде  өзендегі  балықтарды  аяп  кетеді де өзенді қоқыстардан  тазалайды.  Өзенің  сыртына  шығып  қалған  тірі  балықтарды   қайдадан   өзенге  жібереді.  Балықтар  кіші  ұлға  алғысын  айтады:

Саған  шексіз  ризамыз  адамзат  баласы  басқа  адамдарға  қарағанда  мейрімдісін.  Сенің  жақсылығына  мына  балықтар  біздер  тек қана  тілекші  бақытты  бол  деп  күнде  саған  ішімізден  құдайдан  тілеп  жүреміз -дейді балықтар  шулайды.  Бақыт  деген не екенін түсінгендей  кіші  ұл  үйіне қайтады.

  Отағасы  мен  бәйбішесі  аштықтан  жүдеп  бір жағынан  үш ұлдарынан  хабар  ошарсыз  кеткеніне  ауырып отырады. Сол кезде  үлкен ұл  келеді.  Қолында  кішкене жалғыз  талдың  берген  дəні  мене ақбөкенің  шөбі бар.

Балам  бақыт  іздеп  таптын  ба? -дегенде  отағасы.

Əке  бақыт  іздеп  таптым. Сіздер  əке-ана  ауырмай  сырқамай  жүріңіздер деп ақбөкенің  дəрі  шөпті  ата-анасына береді . Ата-анасы  ауырынан  айығып кетеді. 

Ортаншы  ұлы  да  үйіне  келеді.  Отағасы  үлкен  ұлынан  айтқанды ортаншы  ұлдан  сұрайды :

Балам  бақыт  іздеп таптын ба? дейді.

  Əке бақыт іздеп  таптым. Сіздер  əке-ана қарандарыңыз  ашпаса  екен деп  алты   үйрек  берген  қап  толы  бидайды əкесі мен анасына  береді.  Отағасы  мен бəйбіше  екі  ұлы  қыстан аман  есен   шығады. Үйдің қасына жалғыз  тал  берген  жеміс  жейдек  дəндер бидай өсіреді.

   Кенже ұл  үйіне ештеңе  əкелмеді. Отағасы мен бəйбіше  ұлыдарының ештеңе  əкелмеседе аман есен келгеніне де қуанады.

Балам бақыт іздеп таптын ба? дейді сұрағысы  келмеседе.

Иə əке  бақыт іздеп таптым.  Сіздер əке-ана  екі  ағамды  аман есен көрдім.  Аяқ қолымыз  сау еңбек  ете аламыз.  Адамдық  қасиетімізді  жоғалтпай бірлік пен  мейрімділігімізді  жоғалтпасақ  болды – дейді.

 

                                                           

 

 

Қазақ тілінде жазылған