Адам қарады: 145 | Жарияланды: 2018-09-15 14:28:59

Фәни жалған

 

Бірі кетіп жатқан бұл, бірі--келіп,--

Фәни!--

(Кетті бір дөкей бүгін өліп!).

Табытыңа арта алмай жиғаныңды,

Сен де одан көшерсің күңіреніп...

 

Керуен жолы--

Бітпейтін сапарлар--бұл,

Қазыбектей саңқылдап, мақалдар кіл;--

 Нұрға шомып  о жақта бар болмысы,--

Әлағаңдар**,

Махаңдар*,

Ахаңдар*** жүр.

 

"Бір пенденің ғұмыры--бір күн!"- деген,

Әзірейлі тұрады зіркілдеген:

"--Жұртыңменен болдың ба?!-деп сұрайды ол--

Әлде...ойсыз! оңбаған! қыртыңменен?!."

 

Бұ дүниені сен барсаң бұзып, тонап,

Несібемді жүзіктей үзіп қана ап,--

Мен де барам сенен соң Әзірейліге,,

(О дүниеде сол кезде "қызық" болад...).

 

*Әлаға--, Әлімхан, Әлікей Марғұлан , Әбіш Кекілбай т.б.

**Махамбет, Мағжан, Мұқағали...

***Ахмет, Ақселеу...

Қазақ тілінде жазылған