Адам қарады: 301 | Жарияланды: 2018-08-09 03:32:36

Мен қазақпын!

Мен қазақпын құс біткеннің сұңқары,

Мен қазақпын сайын дала  тұлпары.

Арғы тегім  таусылмаған  шежіре,

Мен қазақпын ұлы Ғұнның  ұрпағы!

 

Мен қазақпын аңсар таудың  биігін,

Мен қазақпын баққан таудың  киігін.

Тарихымды тасқа қашап сол тауда,

Тарқатушы ем тағдырымның  күйігін?!

 

Мен қазақпын басын жауға  имеген,

Мен қазақпын Бейбарыс боп билеген.

Қасқа қаным туласа қызыл теңіз боп,

Ал көз жасым  жер-әлемді  илеген!!!

 

Мен қазақпын жалғыз қасқа тамшымын,

Мен қазақпын осып түсер қамшымын.

Сары аязда  қыран  бүркіт  көтерген,

Салбурынды ем саятшымын, аңшымын!

 

Мен қазақпын Тәуке,Жәңгір,Қасыммын!

Мен қазақпын  ауған елдің  жасымын.

Азаттық үшін жанын қиған  арыстар...

Кенесарының  кесілген  мен басымын!

 

Мен қазақпын құрсағы алтын  жер едім,

Мен қазақпын  тасты тесер  жебе едім.

Қан майданда «Абылайлап» ұран сап,

Бөрі рухымды өлтірместен   жебедім!

 

Мен қазақпын Көк түркімін қазақпын,

Мен қазақпын  амал қанша  азақпын.

Аз болсамда  атағым  дүр  әлемге,

Аллаға шүкір басымды ием  азатпын!!!

 

Мен қазақпын әсем екем  айдан мың,

Мен қазақпын  Ақ ордаға  айналдым.

Рухым менің желбіреп тұр биікте,

Көк туың боп елім саған  байландым!

Қазақ тілінде жазылған