Адам қарады: 2295694 | Жарияланды: 2018-07-25 07:18:00

Мен бақытты баламын! 

Мен бақытты баламын!

Кең, жазира даланың

Туылған қазақ жерінде

Егеменді елімде!

 

Мен бақытты баламын!

Құшағына  оранған

Әже менен атаның,

Сусындаған пейілімен

Бағалы берген батаның.

 

Құлақ  асып  Әке  сөзіне,

Үйреткен, шыдам, төзімге

Баулыған өнер, еңбекке

Еңбекпен бәрін жеңбекке.

 

Мен бақытты баламын!

Жылуын көрген ананың,

Сарқылмаған сананың

Оқыған сөзін дананың.

 

Талапты тұлға боламын,

Биікке самғап , қонамын.

Ақталар үміт артылған

Мен бақытты баламын!

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған