Адам қарады: 2408987 | Жарияланды: 2018-07-25 07:17:02

 Астана

Ел Ордасы Астанам ,

Ару қалам,  жас  қалам .

Қараса көз тоймайтын

Әсем қандай бас қалам!

 

Нұр атамның еңбегі

Жылдар бойы төгілген ,

«Ақ Ордам» бар қаланың

Орын  алған  төрінен!

 

Жүрек нұрға толсын деп,

Жақсылықты кешетін.

Салып берді сарайдай

«Әзірет Сұлтан» мешітін.

 

Аспанменен таласып

«Бәйтерегім» шыңдасқан,

Биік, ғажап, ғаламат

«Ханшатырым» жарасқан.

 

«Әуежай» мен «Мұражайды»

Тамашалап қарайды да,

Шаралар көп өтуде

«Тәуелсіздік сарайында»

 

Жиырма жылда Астанам ,

Керемет боп көркейген .

Жиырма жылдан соң , елге мен де

Еңбектеніп тер төгем!!!

Қазақ тілінде жазылған