Адам қарады: 10965 | Жарияланды: 2018-06-22 12:08:45

Темірбек Жүргенов

Қазақтың жері десе, көзі қанталап

Жүріпті жан-жақтан жұрт анталап.

Сол жердің намысын бермесін деп,

Бір туар ұл туғызды Жаңаталап.

Қызылорда кенде емес мықтылардан,

Мықтылар барлығы шықты ма ардан?!

Темірбек деп ат қойыпты сол балаға,

Көрінсін деп биік шыңар шоқылардан.

Тұрмағамбет ұстаз еткен Темірбекке,

Ойы өрледі Темірбектің енді көкке.

Көзі ашық, көкірегі ояу болып өсті

Кетпеді ұстаз еңбек мүлдем текке.

Темірбек аянбады еңбек етті,

Еңбегімен жоғары шенге жетті.

Ырғыз уезі Кенжеғара болысына,

Комитет төрағасы болып кетті.

Газеттерге мақаласын жазып жүрді.

Саясатқа араласқандар құлақ түрді,

Ташкенттің Қазақ педагогикалық институтына,

Институт директоры болып кірді.

Институт келешегін жоғары бағалады,

Шақырды жан-жақтан академик ағаларды.

В.В. Бартольд пен С.Е. Малов секілділер

Сол жерде, ғылымды мықты тағалады.

Тәжікстанда болды қаржы комиссары,

Жаттатқызды бар балаға әлқиссаны.

Экономика, құқықтану пәндерін ап,

Қазақша сөйлетем деп жан қыстады.

Халық ағарту комиссары Өзбекстанда,

Халық ағарту комиссары Қазақстанда.

С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсіреповті

Шақырыпты өз жанына жан қысқанда.

Өткізіпті басынан сан алапаттарды,

Жинапты қара көз «қарақаттарды».

Еңбегі еленген соң Мәскеу барып,

Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Ұлт үшін туады екен дарабоздар,

Кейінгісін сүйрейді сол «паровоздар».

М.Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеевтер

Темірбекке тіркелген данабоздар!

Қазақ әндерін шырқатты дамылдамай,

Өтірік сөз бен көлгірсуді қабылдамай.

А.В. Затаевичке мәліметтер жинап беріп,

Жарыққа шықты әндері жарып оңай.

Тіл тағдырын көп ойлады, көңіл жүдей,

Тіл десе тіліп түсті, тудырмай ешбір үрей.

Б.Н. Орлов орысша сөйлеңіз десе жиындарда,

«Сіз қайда жүрсіз, өзіңіз?!» - депті күмілжімей.

Дәмештей жар жолықты тағдырына,

Темірбектің төзе білді сан қырына.

Өйткені, Әлімхан Ермековтің қарындасы

Жолықты қыран құстың алғырына!

«Халық жауы» - деген жала жабылғанда,

Зиялыларды сиғызбай заман тарылғанда.

Арқаның қасиетті қаны бар Дәмеш жеңге,

Ақтаймын депті аман болсам, арым барда.

АЛЖИР-де өткізсе де 18 жыл ғұмырын,

Түсірмеді биік ұстап сол заманда тұғырын.

Дәмештей жар жолықтырған Темірбектің,

Арманы болмас еді, арнаса бар ғұмырын.

Бірақта қатал тағдыр ерте айырды екеуін,

Зиялыларды сынаған заманнан шертем үн.

Тәуелсіз ел болып, ес жиған соң еске алып 

Қазіргілер беріп жатыр сол заманның өтеуін.

Қазақ тілінде жазылған