Адам қарады: 4503 | Жарияланды: 2018-03-29 06:11:42

Иманжүсіп Құтпанұлы

дастан

Қазақтың  біртуар  ұлы,ақын,компазитор,батыр,күрескерге  арнап   жазылған. Иманжүсіп Құтпанұлы туралы  дерек,немесе  аңыз   әңгімелер   арқауында  жазылды. Көп  жазбалардың  анықтамаларына   қарағанда  ол  кісі  1863-1931  жж     аралығында  өмір сүрген.Балалық   шағын   Сарыарқада,Ақмола өңірінде өткізген .

 

Мекендеп   жатты  Сыр  бойын   Шашты   Қыпшақ,

Жеті   атадан   Тұрғанбай  Би   уыстап    ұстап.

Үш-төрт  ауыл  отырған   су   жағалап,

Алты  қанат, датқа  ауылы,  бидің  өзі  он  екі  қабат...

 

Қараңғы  түн, түн  ортасы,  жатқан  мезгіл,

Шырт  ұйқыда   жұрттың  бәрі ,  бейқам  мезгіл.

Ойнақтап, бір  бұрыштан   Атойлатып!!!,

Жау  келіп  тиді, тұтқиылдан  айқай  салып!

 

-Аттан, аттан!  Ұрып  таста!  Тобықтан   соқ!...

Кімді-кім?  Қайсысы  жау?  Кімдікі   жоқ?!.

Білу  қиын, сатыр-сұтыр, айқай-да,  шу!.,

Жылқы  атаулы,  өрлей  шауып,  Миялысай, қалыңға, ну...

 

Түгел  тұрды   төсектен  датқа  ауылы,

Жұрт  дүрлігіп, далақтап   сыртқа  ұмтылды.

Көрініп  қалды   ентелеп,  жаудың   алды,

Датқа  ауылы  не  істерін  білмей-ақ   қалған  еді...

 

Тұтқиылдан  тиген  жау   жатқан  елге,

Тас-талқаны   ауылдың   болды  демде.

Өңі-түсін  біле   алмай ,  сасқалақтап,

Адасып,  бас  сауғалап,  құлап  жерге...

 

Ол  заман. Қоқан  заман  болған  еді,

Қоқаңдықтар,  қоқаңдаған  заман  еді.

Күнде  шабуыл,  күнде  салық, күнде  шығын,

Қазақтардың  төзімі  де   толған   еді.

 

-Датқаның   уыздай  жас  тоқалы  бар,-

-Соны   сендер  қойныма  әкеп, саласыңдар.-

Деп   Қоқан  хан  жендетіне  салды  міндет,

Атсалысты  орындауға  хан  әмірін  барлық  жендет.

 

Төсегінен  тұрғызбай-ақ , би  Датқаны,...

Орап  киіз,  құрымға,  қинады  әне!!!.

Барған  соң  хан  алдына  бір  ай  бойы,

Өлтіртті. Қинады  әбден!  Есін  де, жимай  қойды!...

 

Өлерінде,  хан  Датқадан  сұрап  еді,

-Соңғы   сөзің  айта  ғой  , айт,-деді  енді.

Сонда   Датқа  айқайлап,  жариялап,

-Туар  Қыпшақ,  менің  кегімді  алар,-депті.

 

Сол  айтқан  сөз ел  аузында  қалып  қойды,

Еске  алсақ,  әсер  беріп,   алар  бойды...

Ұрпақтары  Датқа  бидің   енді  болар,

Айту  бізге,  жіктеп  беру,  парыз  болар...

 

Малбике,  жас  тоқалы ,  Датқа   бидің,

Алып  шықты  дүрбелеңде,  ұлын   бидің.

Баймырза,тоқал  ұлы,  сәби   ғана....

Болашағын  білмейді, жоқ  қой  әлі  онда  сана.

 

Таң  білініп,  Малбике  қалжырады,

Көшкен  ауыл   жұртына  жақындады.

Бәрі  таныс,  бір  кездері , секілденді,

Нәр  алып ,  құдықтан  су  ішкізгенді...

 

Айғай-шу,  жақын  маңнан  күшіне  енді,

Ұзағырақ   кетпесе ,болмасын  енді ,  анық   білді...

Жетектеп   күндес  ұлды   оң  қолына,

Бауырына  ала  берді,  Баймырзаны...

 

Алып  жүру  екі  ұлды  күш  қой  бір-аз,

Елден  ұят,  тастап  кету,  күндес  араз...

Сондай   оймен   Баймырзаны   жаппаға  орап,

Уақытша  тастап  кетті ,  тезекпенен, тасша   қалап...

 

Бес  жасар  баланы  ұстап  ол  да  кетті,

Жаулардан  аластаймыз  біз   дегенді.

Кездесіп  , қалың  қамыс  арасына,

Бауырына  басып  баланы,  ұйықтап   кетті.

 

 

 

Таң  атып,  күн   шығуға  таяу  екен,

Демалып,  біраз   тыныс  алған  екен.

Сол  кезде  тісі   ақсиып,  көзі   жанып ,

Жолбарыста    келіп-ақ   қалған   екен.

 

Бас  салды    Малбике  мен  жас  баланы,

-Алла,-  деуге   мұршасын    қалдырмады.

Бір  жарқ  етіп  бұл  дүние,  көз  алдынан,

Елестей  боп,  өте  берді,  қиял  ғана!...

 

---------------------------------------------------------

 

Тұтқиылдан  тиген  жауға  көрсете  алмай  қарсылық,

Қапы  қалды  датқа  ауылы  біразырақ,  абдырып!...

Аты  әйгілі  осы  елге, Торайғырдың    Дайрабайы,

Есіте  сап  атқа  қонып, жаудың  қолын,  қырып –жойды...

 

Ыңырсыған   дыбысы   жас   сәбидің,

Құлағына  естілді, маңайдағы  бір  сарбаздың.

Тың-тыңдап   тұра   қалды,  распа   деп?!,

Әлгі   дыбыс  қоймады,  аттан  түсті,  келді  тақап...

 

Жерошақтың  жиегіне  қаланыпты  кепкен  жапа,

Тауып   алды  ораулы  сәби,  жатқан  бала.

Айқай  салып   шақырды  Дайрабайды,

-Бала  жатыр,  аппақ  қана,  мына  қара!...

 

Қолына  алып  Дайрабай   жас   баланы,

Ары   аунатып,  бері  аунатып  таңырқап  бір  қарады...

Жас   балаға, буы  босап,  елжіреп,

Еріксіз  жас ,көзінен   ағып   барады...

 

Қырықтан   асып,  перзентке  зар   батырдың,

Көз  жасын   көрді ,  бүйрегі  бұрды,  Алланың.

-Шық   бері  үйден,  балаңды  ал,  бәйбіше!,-

Деп  айтып  батыр,  қуанды  келіп  балаша...

 

Атын  қойды  тауып  алған  баланың,

Асыр  той  жасап;-Құттыбай   атын  қалаймын!.-

-Құдай  берді, құтты  болды,-деп  бәрі,

Құттыбекте,  Құтпаны  боп   кете  барды,  баршаның...

 

 

 

Құрбылардың  алды  болып, кем  болмады  ешкімнен.

Ақыл  берді,  күште  берді , мінез  берді  тілменен.

Ер  жеткен  соң  үйлендіру , ата-ананың   парызы,

Бел  байлады, құда  болып,  қызын  алу,  Сарыарқаның.

 

Сондай  оймен  бес  жігітпен, қос-қос  атпен  аттанды,

Шығарып  сап  күндік   жерге  Дайрабай  да  қайтқанды...

Қыз  таңдаған  бес  жігітте  айға  жуық   Арқаға,

Кіріп  барды  ,шетсіз-шексіз,  ұшан   теңіз  далаға.

 

Айдын  шалқар  көлі  бар, күмістей  мөлдір  суы  бар,

Көсіліп  жатқан  Айнакөл, қаңқылдаған  қазы  бар.

Ну  орманы, көгілдір тау,атақты  Қарқаралы,

Салалы  сай,  таулы  тасты,  Бұғылы  мен  Тағылы.

 

Шөбі  шүйгін, суы  тәтті,қыздары  ару, еш  жерде,

Көзі  күліп, қолын  бұлғап, қоя  қоймас  еркіңе.

Ел  аралап, туыс  тауып, қалың  жатқан   Қыпшақ  ел,

Жігіттерге, құшақ  жайып, қуана  көңіл  берді  де!...

 

Уақыт  жылжып, айлар, жылдар  өтті  де,

Не  бір  қымбат  кезеңдер  де  кетті  де.

Ару  таңдап,  үйленем  деп  жүргенде,

Па, шіркін-ай,  мезгіл  өтті, кетті  де!...

 

Сөйтіп  жүріп  үйленді , Үміш   қызға,

Үзбеу  керек  үмітті,  үміт  алда.

Екі  жарты,  бір  бүтін отау  құрып,

Жүре  берді  екеуі, «Өмір» деген  ұзақ  жолға...

 

Үміштен, Ақшабай, Шоңай   және  Иманжүсіп,

Құдайдың  бергені  еді, бәрі  болды   өте  пысық.

Бәріненде   пысықтау  болып  шықты,

Ақын  жанды, алып  күшті , ең  кенжесі  Иманжүсіп.

 

Қараөткелді , Көлбай  сұлтан   басқарады,

Шашты  қыпшақ   ауылында    «бас  болады».

Рұқсат  сұрап,  сол  ауылға   көшпекке  енді,

Құтпан   өзі,  Шоңайменен   аттанады.

 

-Қаратоғай,Күйгенжарға  қатарласқан  ауыл  бар,-

-Бір  ауылға,  қоныс  болар  шөбі  шүйгін  жері  бар.-

Деген  сөзбен  Көлбай   сұлтан   рұқсатын  берді  де,

-Келсін-келсін,ағайынды  сыртқа   тебу,  ерсі  де!-

 

Қыңыртастың  дәл   жамбасы   Тұщыбұлақ,

Қонысы  Құтпан  ауылы   осы  болмақ.

Бұланбай    осы  ауылдың   ақсақалы,

Ерулікке  шақырып, Құтпанменен  таныс  болмақ.

 

Еріп  келді  әкесімен   ағасына  Иманжүсіп,

Көңлі   кетті   Зейнеп  қызға , көзі  түсіп.

Білдіріп  өз  көңілін  Құтпан  мырза  Бұланбайға,

Қол  алысты,  сөз  байласып  екі  құда.

 

Риза   болып   Бұланбай  мен  осы  ауылға,

Көшуге   тура  келді    Күйгенжарға.

Орнығып,  үйренісіп   осы  жерге.

Қыстау   салды, болды  енді   жайлауы  да.

 

Зейнепке   былтыр  көрген,  есі  кетіп,

Іздеп   шықты, жолдасымен   Иманжүсіп.

-Нағашыма,  Ертістегі   барып  қайтам,-

Деп   айтып,  күн  батыра,  кетті   жүріп.

 

Жолығып,  Зейнеппенен  сөз  байласып,

Күзге  келіп, дайындалып, уәделесіп.

Бір  жола  алып  кету   жоспарланып,

Үйленуге  бел  байлап,  солай  шешті, Иманжүсіп.

 

Келіншегін  алып  келді   Күйгенжарға,

Жалғасты  ұлан  асыр,  үлкен  тойға.

Болғанда, болмағанда   осы   тойда,

Аңыз  қылып  айтады  екен, сол  бойында.

 

Бір  өзі  күш  атасы, қайрат  жігер,

Сазгер,әнші,суреткер  де  күрескер.

Халқын, елін  құлап  сүйген,  азамат,

Отан  үшін,  елі  үшін   туған   Ер!...

 

 

 

Көшесін  Қараөткелдің  сатырлатқан,

Бозбалалық   ойынменен  дабырлатқан.

Өш  болды   сол  өңірдің    би-болысы,

Көре  алмай   жақсылығын  Жүсіптің   жасап  жатқан.

 

Болысы  Қараөткелдің, Райымхан,

Жүсіпке  ту  сыртынан  тұзақ  құрған.

Бағындырып   өзіне   аламын,  деп,

Небір,  айла-тәсіл, көпшілікті  қарсы  қылған.

 

Сондай  пиғыл, келді  болыс   арам  ойға,

Кетті  болыс  қиялдардың,  қойнауында.

Болады  үлкен  асы  Қоғабайдың, жақын   маңда,

Шақырылды   Батыр    Жүсіп   осы   тойға.

 

Белдесті ,  шықты  ортаға  өңшең   палуан,

Қалған  емес  Иманжүсіп  мұндай  «оңнан».

Атбасар  оязының  дәу  палуанын,

Көтеріп  ап,  бір-ақ  ұрды,  ойланбастан!...

 

Ертеңіне  болады  енді,  ат  жарысы,

Дайындалып,  көп  болып,  ат  салысты.

Жүсіп  те   Ақсұр  атын  салмақшы  боп,

Тамашалап  келмекші   ат  шабысты.

 

Төңіректегі  төрт  ояздан  жүз  қаралы  ат,

Бәйгеге  қосылатын  өңкей  сұңқар, жарамды  ат.

Ақсұр  атқа  отырды,  бала  Өтеп,

Бұл  бала  да  болмайды  екен, Жүсіпке  жат.

 

Аттар  кетті  бірін-бірі  оза  қуып,

Дер  кезінде  хабаршы   келді  шауып.

Жалғыз  қылаң  бел  асып,  жарты  көштен,

Өте  берді  бала  Өтеп,  оқтай  ұшып...

 

Қызығып,  бәйге  алған  Ақсұр  атқа,

Бас  болып, шабарманы,Әубәкір  қожа.

Түске  таман  кіріп  барды, сәлемдесіп,

Күтпеп  еді  бұларды,  Құтпан  ата...

 

Сәлемін, Райымханның  айтты  қожа,

Сәлеміне, Иманжүсіп  болды  қапа!...

Тырқыратып  қуып  шықты  үшеуінде,

Әсіресе, қамшымен  таяқ  тиді, Әміреге...

 

Қашып  шығып , сол  екпінмен, Райымханға,

Сол  күйінде  жеткізді,барлық  сырын  оязнайға.

Мұны  есітіп  оязнай, қыр  көрсетіп,

Ашуланып, мінді  енді,  қаьарына!...

 

Жүрген  кез,  түсіп  алшы   асығы  тек,

Жаулары  алмақшы  енді, Жүсіптен  кек.

Қосылып  Бөлтірік  қажы, Райымханмен,

Ойласты,-Не  істеу  керек? Не  істейміз, қажыеке,?-деп.

 

Атағы  бүкіл  ояз  тарап   болды,

Болыста,  байбатша  да, ыза  болды!...

Өшігіп  атқамінер, өңшең  надан,

Қолына ,Иманжүсіп  кісен  салды...

 

Тұтқындалып  Батырымыз  кете  барды,

Әке-шеше, бала-шаға,қатын-қалаш  қала  берді.

Ендігі  ойы, Зейнеп  сұлу, көп  ойланып,

Арыз  жазу, генералға   жөнді  деді...

 

Генерал-Губернатор   Надаровқа,

Зейнеп  хаты  түсті   оның, назарына.

Танысып   егжей-тегжей  мазмұнымен,

Тексеруге  жіберді, үш  адам,  тілмашымен.

 

Тексеруші , тексеріп  қарады  да,

Жеке-жеке   куәлермен  сөйлесіп, оңашада.

Надаровқа  көрген-білген  жеткізген  соң,

Көп  ұзамай   Құтпановты  босатты  да!...

 

Баяғыша, кедей-кепшік   көмектесіп,

Жүре   берді  Күйгенжарда, Иманжүсіп.

Одан  сайын  бай, болыс  шыдай  алмай,

Ойланбастан  қақпан  құрды, соңға  түсіп...

 

Тынышына   қоймасын  ,анық  білді,

Не  істеу  керектігін  білмегенді?!...

Ата   жұртқа  көшуге  ақылдасып,

Сыр   бойына   кетуге   ұйғарғанды.

Қоныс  тепті,  Сыр  бойы   Шиеліге,

Шиеліңіз  болатын   киеліде.

Арқын-жарқын  жүріп  жатты, жаңа  қоныс,

Жаңа  үкімет   келген   еді  бұл  жерге  де.

 

Астыққа  кенде  емес   Сыр  бойы  да,

Астықтың  атасы  бар    Сарыарқада.

-Дән  әкеп, бидай  егіп  аламыз,-деп,

Аттанды, дән  алуға , Сарыарқаға.

 

Сексен  нарға  жүк  артып  керуен  шықты,

Аман  болсақ, бөгет  болса,  күзет  мықты!...

Келе  берді  алаңсыз, уайым  жоқ,

Мойынқұмға  келген  еді , айналып  Сарысуды....

 

Қарақшылар  анталап  кеп,  қоршап  алды,

Иманжүсіп  аң-таң   боп,  сасып  қалды.

Қарақшының  бір оғы,  қаңғалақтап,

Батырды   дәл  тиген  оқ,дөп  сұлатты!...

 

Азаттықты  аңсаған  Иманжүсіп,

Құрбаны  боп  кете  барды, өңшең  күшік!...

Халқы  оны  ұмытпайды, мәңгілікке,

Аңыз  болып,Күйгенжар,Қараөткелді   дүркіретіп!...

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған